Corrocoat Caspian ұжымы Ұлыбританияда орналасқан бас кеңсесінде өткен екіапталық техникалық оқу бағдарламасын сәтті аяқтады.
Бұл іссапар бізге әріптестермен бірге технологиялық үрдістерді егжей -тегжейлі талқылаумен қатар арнайы жабындарды қолдана отырып, сорғы жабдықтарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарындағы озық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік берді. Алынған білім мен тәжірибе біздің әріптестеріміз бұл жұмыстарға толыққанды дайын екендігіне дәләл болды.
Өткен сапар біздің дамуымызға қуатты серпін болды. Біз өз қызметімізді одан әрі кеңейтуге арналған жаңа идеялар мен шабытқа толы оралдық.
Біз сіздерге ресми түрде өзіміздің жаңа шеберханада сорғы жабдықтарын жөндеу мен коррозиядан қорғау бойынша толық нысанды жұмыстар жүргізе алатынымызды қуана хабарлаймыз. Бұл мүмкіндік біздің жергілікті нарықтағы тұтынушылармызға қолжетімді.


