Сорғылық және ысырмалық жабдықтарды кешенді қалпына келтіру бойынша жаңа бағыттың іске қосылғанын қуана хабарлаймыз, бұл шешім – пайдалану шығындарын айтарлықтай азайтуға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Арнайы ойластырылған Corrocoat технологиясы, өзіміз өндірген композиттік материалдарды қолдану арқылы зақымдалған және тозған бөлшектерді тиімді қалпына келтірумен қатар, сондай-ақ ең жемір орталарда коррозиядан ұзақ мерзімді, жоғары технологиялық қорғаныш береді, әрі жаңа бөлшектерді сатып алуға кететін шығындарды қысқартады.
Біздің қызметтер кешенімізге кіретіндер:
- Жабдықтардың ішкі және сыртқы бетін ұзақ мерзімді коррозиядан қорғау
- Статикалық және динамикалық теңгерімдеу
- Механикалық өңдеуге дейінгі және кейінгі өңдеу
- Металл бет пішіндерін құрылымдық, композиттік және арматуралаушы жабындарды қолдана отырып қалпына келтіру
- Зақымданған бөлшектерді жөндеу және алмастыру
Жабдықтарыңызды қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы көбірек білгіңіз келсе, бізге хабарласыңыз.
