1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жаңа бағыт: сорғылық және ысырмалық жабдықтарды кешенді қалпына келтіру

Жаңа бағыт: сорғылық және ысырмалық жабдықтарды кешенді қалпына келтіру

Сорғылық және ысырмалық жабдықтарды кешенді қалпына келтіру бойынша жаңа бағыттың іске қосылғанын қуана хабарлаймыз, бұл шешім – пайдалану шығындарын айтарлықтай азайтуға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Арнайы ойластырылған Corrocoat технологиясы, өзіміз өндірген композиттік материалдарды қолдану арқылы зақымдалған және тозған бөлшектерді тиімді қалпына келтірумен қатар, сондай-ақ ең жемір орталарда коррозиядан ұзақ мерзімді, жоғары технологиялық қорғаныш береді, әрі жаңа бөлшектерді сатып алуға кететін шығындарды қысқартады.

Біздің қызметтер кешенімізге кіретіндер:

  • Жабдықтардың ішкі және сыртқы бетін ұзақ мерзімді коррозиядан қорғау
  • Статикалық және динамикалық теңгерімдеу
  • Механикалық өңдеуге дейінгі және кейінгі өңдеу
  • Металл бет пішіндерін құрылымдық, композиттік және арматуралаушы жабындарды қолдана отырып қалпына келтіру
  • Зақымданған бөлшектерді жөндеу және алмастыру

Жабдықтарыңызды қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы көбірек білгіңіз келсе, бізге хабарласыңыз.

Жаңа бағыт: сорғылық және ысырмалық жабдықтарды кешенді қалпына келтіру