1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Corrocoat Caspian қызметкерлері Ұлыбританияда кәсіби даярлықтан өтті

Corrocoat Caspian қызметкерлері Ұлыбританияда кәсіби даярлықтан өтті

Corrocoat Caspian ЖШС-нің қызметкері Corrocoat Ltd. компаниясының Ұлыбританиядағы бас кеңсесінде қорғаныш жабындарын жағу технологиялары мен жабдықтарды қалпына келтірудің инженерлік әдістерін меңгеруге бағытталған арнайы оқудан өтті.

Оқу бағдарламасы CORROGLASS және POLYGLASS материалдарымен жұмыс істеу бойынша теориялық және практикалық дайындықты, сондай-ақ Corrocoat компаниясының жабын жағу технологиялық процестері мен инженерлік шешімдерін зерделеуді қамтыды.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар меңгерілген технологиялар бойынша қажетті білім мен түсініктерін көрсетті. Сондай-ақ оқудан өткенін және Corrocoat Ltd. компаниясы тарапынан Technician біліктілігіне мақұлданғанын растайтын сертификаттарға ие болды.

Мамандарды тікелей Corrocoat компаниясының бас кеңсесінде даярлау жұмыстарды орындаудың бірыңғай стандарттарын сақтауға, технологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қолдауға мүмкіндік береді.

Corrocoat Caspian қызметкерлерінің кәсіби дамуына инвестиция салуды жалғастырып, командасының техникалық құзыреттерін нығайтуда және өз қызметінде Corrocoat компаниясының халықаралық тәжірибесі мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етуде.

Corrocoat Caspian қызметкерлері Ұлыбританияда кәсіби даярлықтан өтті
Corrocoat Caspian қызметкерлері Ұлыбританияда кәсіби даярлықтан өтті
Corrocoat Caspian қызметкерлері Ұлыбританияда кәсіби даярлықтан өтті